Accessibility links

Қызыл крест ұйымы өкілдері Сирия түрмесіндегілермен жолықты


Сирия президенті Башар Асад (сол жақта) пен халықаралық Қызыл крест ұйымының басшысы Якоб Келленбергер. Дамаск, 5 қыркүйек 2011 ж.
Сирия президенті Башар Асад (сол жақта) пен халықаралық Қызыл крест ұйымының басшысы Якоб Келленбергер. Дамаск, 5 қыркүйек 2011 ж.
Сирия билігі халықаралық Қызыл крест ұйымының өкілдеріне Дамасктегі орталық түрмеге кіріп, ондағы тұтқындардың жағдайымен танысуға алғаш рет рұқсат берді.

Халықаралық Қызыл крест ұйымының басшысы Якоб Келленбергер Сирияға екі күндік сапарының соңында, қыркүйектің 5-і күні, бұл елдің билік орындарының ішкі істер министрлігі ұстаған адамдарға халықаралық гуманитарлық ұйымдардың өкілдерінің жолығуын қамтамасыз етуге келісім бергені туралы хабарлады.

Якоб Келленбергер Сирия президенті Башар Асадпен кездесуде ұсталған адамдарға күш қолданбау туралы мәселені де талқылағанын жеткізді.

БҰҰ бағалауынша, биыл көктемде Сирияда үкіметке наразы халық толқуы басталғаннан бері 2200 адам қаза тауып, ел президенті Башар Асадтың режиміне қарсылық білдірген бірнеше мың адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG