Қазақстан ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысы болып Бауыржан Бердалиннің тағайындалғаны туралы "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі хабарлады.
Бұған дейін осы қызметте болған Сұлтан Құсетов Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.
Бауыржан Бердалин осы кезге дейін қылмыстық атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары болып істеген.
Биыл Қазақстан президентінің 26 шілде күнгі қаулысымен қылмыстық атқару жүйесі әділет министрлігінен ішкі істер министрлігіне қайтарылды. Құқық қорғаушылар бұл шешімді тамызда ғана естігендерін, қаулының орындалуы «жылдам әрі жасырын болғанын» айтып сынаған еді.
Қыркүйектің 1-і күні парламенттің ашылу сессиясында сөйлеген сөзінде президент Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қылмыстық атқару жүйесін әділет министрлігіне өткізген шешімнің «қате болғанын» мәлімдеді.