Accessibility links

Юлия Тимошенконың соты 27 қыркүйекке қалдырылды


Украинаның тәуелсіздік күнінде елдің бұрынғы премьері Юлия Тимошенконы қорғаушылар алып шыққан плакаттар. 24 тамыз. 2011 жыл.
Украинаның тәуелсіздік күнінде елдің бұрынғы премьері Юлия Тимошенконы қорғаушылар алып шыққан плакаттар. 24 тамыз. 2011 жыл.
Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың ісін қарап жатқан сот төрағасы отырысты 27 қыркүйекке дейін шегерді.

Судья Родион Киреевтің бұл шешімі сот процесі аяқталуға жақын қалғанда мәлім болды. Осыған дейін өз билігін асыра пайдаланды деген айыппен соты өтіп жатқан Тимошенкоға үкім осы аптада шығып қалу мүмкін.

Прокурорлар оны 2009 жылы Украина премьер-министрі болып тұрғанда Ресеймен жасалған газ келісімінде елге шығын келтірді деп айыптайды. Юлия Тимошенко тамыз айында қамауға алынған. Оппозиция жетекшісі өзіне тағылған айыптарды мойындамай, бұл істің саяси астары бар деп біледі.

Судья Киреев сотты екі аптаға кейінге қалдыруына Тимошенконың өзін қорғауға дайындалуға уақыт жетпей жатыр дегені себеп болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG