Accessibility links

Иракта автобустағы жарылыстан 15 адам қаза болды


Ирак картасы.
Ирак картасы.
Бүгін таңертең Иракта автобуста болған жарылыстан кемінде 15 адам қаза тапты деп хабарлады «Рейтер» агенттігі.

Жарылыс Бағдаттан 85 шақырым жерде, Фаллуджа қаласына жақын Хабаниядағы әскери база аумағында болған.

Қаза болғандар - әскери адамдар екені айтылып отыр. Сарбаздар мінген автобус асхана алдына келгенде жарылыс болған. Жарылыстан 20 шақты адам жараланған.
XS
SM
MD
LG