Accessibility links

Иран АҚШ-тың екі азаматын түрмеден шығарады


Шейн Бауэр (сол жақта) мен Джошуа Фаттал (оң жақта) сотта отыр. Тегеран, 6 ақпан 2011 жыл.
Шейн Бауэр (сол жақта) мен Джошуа Фаттал (оң жақта) сотта отыр. Тегеран, 6 ақпан 2011 жыл.
Иран билігі АҚШ-тың екі азаматы - "тыңшы" деген айып бойынша сегіз жылға сотталған Шейн Бауэр мен Джошуа Фатталды түрмеден шығармақ. Бұл туралы сейсенбі күні америкалық «Эн Би Си» телеарнасына берген сұқбатында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад мәлімдеді.

Түрмеде отырған екі америкалық тамыздың 28-і күні апелляциялық шағым берген. Енді олар кепіл ақша төлеген соң бостандыққа шығады.

2009 жылы шілде айында Иран билігі Иракпен шекара маңынан АҚШ-тың үш азаматын ұстаған еді. Ұсталғандар тауға саяхат жасап шыққандарын айтқан. Үшеудің бірі - Сара Шурд 2010 жылы кепілге ақша төлеп босағаннан кейін АҚШ-қа оралған.
XS
SM
MD
LG