Accessibility links

Германия канцлері Тимошенко мәселесін көтерді


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Киевтегі сотта оты. 31 тамыз 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Киевтегі сотта оты. 31 тамыз 2011 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Виктор Януковичке телефон соғып, Украина сот жүйесінің саяси қарсыластарға қарсы құрал ретінде пайдаланылып жатқанына байланысты алаңдаушылық танытты.

Меркельдің баспасөз хатшысының хабарлауынша, Германия канцлері Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың мәселесін көтерген. Қазір қамауда отырған Тимошенкоға жемқорлыққа қатысты айыптар тағылған.

Бірқатар батыс елдерінің үкіметтері Тимошенконың сотын сынаған болатын. Олардың айтуынша, бұл сот әділеттікке қол жеткізу мақсатында емес саяси оппоненттен өш алу үшін жүріп жатыр.

Меркель Януковичке Еуропа Одағының Украинаға көмектесуі үкіметтің демократия мен құқықтық нормаға қатысты міндеттемелерін орындауына байланысты болады деп айтты.
XS
SM
MD
LG