Accessibility links

Латвия сейміне бес саяси партия өтті


Дауыс беруге жиналған латвиялықтар.
Дауыс беруге жиналған латвиялықтар.
Латвияда өткен кезектен тыс сайлауда берілген дауыстарға қарағанда, Латвиядағы этникалық орыстардың қолдауындағы партия жеңіске жетіп отыр.

Сенбі күнгі сайлауға қатысқан сайлаушылардың 95 пайыз даусы саналып, оның алғашқы нәтижесі ең көп - 32 пайыз қолдауға солшыл "Келісім орталығы" партиясы ие болғанын көрсеткен.

Екінші орында 20,5 пайыз дауыспен бұрынғы президент Валдис Затлерстің партиясы, үшінші кезекте премьер-министр Валдис Домбровскистің партиясы 18 процент дауыс алған.

Бұлардан соң тағы екі партия да парламенттегі орындарға ин болады.

"Келісім орталығы" партиясы енді үкімет құруда кімдермен әріптес болатыны әзірге белгісіз. Қалғандары коалициялық одақ құру жөнінде келіссөздерді бастап кеткен.

Бұл Балтық елі 1991 жылы Совет одағынан тәуелсіздігін алғаннан бері Латвия үкіметінде этникалық орыстардың партиясы болмаған еді.
XS
SM
MD
LG