Accessibility links

Бурундиде бүлікшілер шабуылынан 20 адам оққа ұшқан


Бурундидегі билеуші партияны қолдау жиынында президент Пьер Нкурунзизаның суреті бар жейде киіп тұрған адам. Бужумбур, 11 мамыр 2010 ж. (Көрнекі сурет)
Бурундидегі билеуші партияны қолдау жиынында президент Пьер Нкурунзизаның суреті бар жейде киіп тұрған адам. Бужумбур, 11 мамыр 2010 ж. (Көрнекі сурет)
Орталық Африкадағы Бурунди мемлекетінің астанасы Бужумбура қаласының шеткері жағында орналасқан барға жексенбі күні баса-көктей кірген қарулы топ адымен оқ жаудырып, одан соң бірнеше граната лақтырған.

Соның салдарынан 20 адам қаза болып, тағы соншама адам жараланған.

Оқиға куәгерлері шабуыл жасағандар осы маңда іс-әрекет ететін, үкімет күштеріне қарсы күресіп жүрген көтерілісшілер жетекшісі Агатон Руасаны қолдайтындар сияқты деп сипаттайды.
XS
SM
MD
LG