Accessibility links

АҚШ президенті Түркия премьер-министрімен кездесті


Түрік премьері Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) және АҚШ президенті Барак Обама.
Түрік премьері Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) және АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама мен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Нью-Йоркте кездесті.

Барак Обама түрік үкіметінің жетекшісін Түркияның Израильмен қарым-қатынасындағы шиеленісті бәсеңдетуге күш салуға шақырды. Қазіргі кезде түрік-израиль қатынасы шиеленісіп тұр. Былтыр Газа секторына гуманитарлық жүк апара жатқан кемеге Израиль әскерилерінің шабуылы салдарынан мерт болған 9 түрік азаматының қазасынан соң ресми Анкара мен Израиль арасында жағдай нашарлап кеткен еді.

Сонымен бірге, Барак Обама мен Режеп Тайып Ердоған терроризммен күрес мәселесін талқылады. АҚШ президенті сейсенбі күні Анкарада террорлық шабуылдан мерт болған үш адамның қазасына байланысты көңіл айтты.
XS
SM
MD
LG