Accessibility links

Кабулда Бурхануддин Раббанимен қоштасты


Бурхануддин Раббаниге жасалған қастандықтан соң марқұмның үйінің жанындағы суреті. Кабул, 21 қыркүйек 2011 ж.
Бурхануддин Раббаниге жасалған қастандықтан соң марқұмның үйінің жанындағы суреті. Кабул, 21 қыркүйек 2011 ж.
Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда жүздеген адам елдің бұрынғы президенті, Ауғанстанның бейбітшілік бойынша Жоғарғы кеңесінің төрағасы Бурхануддин Раббаниді ақтық сапарға шығарып салуға жиналды.

Жасы 70-ке шыққан Раббани сейсенбі күні Кабулдағы өз үйінде қастандық құрбаны болған еді. Оған өзін үкіметке қарсы көтерілісші ретінде таныстырып кездесуге барған жанкешті сәлдеге жасырған бомбаны жарып жіберген.

Әлем қауымдастығы бұл оқиғаны "террорлық акт" деп бағалап, оны жасағандарды айыптады.

Этникалық тәжік Бурхануддин Раббани – 1980 жылдары совет армиясына қарсы шайқасқан моджахеддердің бұрынғы көсемі, 1992 жылдан бастап өз билігін «Талибан» қозғалысы құлатқан 1996 жылға дейін Ауғанстан президенті, тәліптерге қарсы Солтүстік альянстың мүшесі болды.
XS
SM
MD
LG