Accessibility links

Палестиналықтар мемлекет мәртебесі науқанын бастайды


Ұлттық туын ұстап тұрған палестиналық азамат. Иерусалим, 21 қыркүйек 2011 жыл.
Ұлттық туын ұстап тұрған палестиналық азамат. Иерусалим, 21 қыркүйек 2011 жыл.
Бүгін палестиналықтар БҰҰ-да мемлекет мәртебесі туралы науқанды бастайды. Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас БҰҰ Бас ассамблеясында мәлімдеме жасап, БҰҰ-ға мүше болу жөніндегі өтінішін ресми түрде жариялайды.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху да БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлейді.

АҚШ палестиналықтарды БҰҰ-ға мүше болуға ұмтылыстарынан бас тартуға шақырып, Вашингтон бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескерткен еді.

Президент Барак Обама Палестина мемлекетін құруға қатысты мәселе Израильмен келіссөздер арқылы шешілгені жөн деді.
XS
SM
MD
LG