Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың соты екіапталық үзілістен кейін бүгін қайта жалғасады.
Оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенкоға "2009 жылы Ресеймен газ келісімін жасағанда қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке көп шығын әкелді" деген айып тағылған. Егер ол айыпты деп танылса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тимошенко өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, оның саяси астары бар екенін айтады. Ол 2010 жылғы президент сайлауында қазіргі президент Виктор Януковичке қарсылас болған.