Accessibility links

Мәжіліс Қырғызстанға әскери-техникалық жәрдем беру келісімін бекітті


Қазақстан қарулы күштері әскери жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет).
Қазақстан қарулы күштері әскери жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет).
Қазақстан парламентінің мәжілісі бүгінгі жалпы отырысында Қырғызстанға қайтарымсыз әскери-техникалық көмек беру туралы екі ел үкіметтері арасында жасалған келісімді бекіту туралы заң қабылдады. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

«Біздің көмектің көлемі 3 миллион доллар» деді Қазақстан қорғаныс вице-министрі Талғат Жанжүменов парламент депутаттарына.

Орта Азиялық аймақтың қауіпсіздік шараларын күшейту және Қырғызстанның қарулы күштерінің дамуына қосқан үлес ретінде екі елдің үкімет өкілдері бұл келісімге биыл наурыз айында Астанада қол қойған.
XS
SM
MD
LG