Accessibility links

Индонезияда ұшақ апатынан 18 адам мерт болды


Индонезияның Суматра аралының солтүстігіндегі таулы аймақ. (Көрнекі сурет)
Индонезияның Суматра аралының солтүстігіндегі таулы аймақ. (Көрнекі сурет)
Бүгін Индонезияда ұшақ апатынан 18 адам мерт болғаны туралы ақпарат тарады.

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, Ачех провинциясына ұшып бара жатқан CASA маркалы шағын ұшақ Суматра аралының солтүстігіне құлаған.

Апат болар алдында ұшақ экипажы төтенше жағдайға тап болғаны туралы хабар беріп үлгерген, алайда содан кейін көп ұзамай ұшақ радар экранынан жоғалып кеткен.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG