Accessibility links

Астанадағы 2009 жылғы өртке қатысты сотталған екі адам ақталды


Өрт сөндіру техникасы. (Көрнекі сурет)
Өрт сөндіру техникасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан Жоғарғы сотының қадағалау алқасы Астанада 2009 жылы қарашада құрылыс салып жатқанда өрт шыққан кәсіпорынды басқарған екі адамның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деп тауып, осыған дейін әртүрлі мерзімге сотталған оларды қамаудан босатты. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс хабарлады.

«Жоғарғы соттың қадағалау алқасы Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотының жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорлары мен оның орынбасарының іс-әрекеттерінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты оларға қатысты шығарылған үкімнің күшін жойып, өздерін дереу қамаудан босатып, қылмыстық қудалау процесін жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келген зиянды өтеу құқығын қалдыру туралы қаулы етті», - деді Оксана Петерс.

2009 жылы қарашаның 9-ы күні Астанададағы азық-түлік қоймасының құрылысы барысында өрт шығып, 14 адам опат болған еді. 2010 жылы 15 қараша күні Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты құрылыс жүргізуге рұқсаты болмай тұрып, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен «Астана Пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысын 6 жылға, ал оның орынбасарын 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған еді. Сонымен қатар, дәнекерлеуші мекеменің үш өкілі де кінәлі деп танылып, оларға да бірнеше жыл түрме жазасы берілген болатын.
XS
SM
MD
LG