Accessibility links

Филиппинде АҚШ азаматы кепілден босатылды


Филиппиндегі Майон жанартауының оянуы. (Көрнекі сурет)
Филиппиндегі Майон жанартауының оянуы. (Көрнекі сурет)
Жексенбі күні кешке Филиппинде соңғы екі айдан астам уақыт кепілде болған 41 жастағы әйелдің босатылғаны туралы Басилан аралындағы билік орындары хабарлады.

Филиппин тумасы Гесфа Йеттс Лунсманды бала кезінде америкалық отбасы асырап алған, ол - АҚШ азаматы. Демалысқа келген Лунсманды ұлы және жиенімен бірге шілденің 12-і күні Тиктабон аралында ұрлап әкеткен еді, оларды кепілде ұстағандар әзірге тек әйелді ғана босатқан.

Оларды «Абу Сайяф» тобының бүлікшілері кепілде ұстаған деген болжам айтылады.
XS
SM
MD
LG