Accessibility links

Ауған президенті Үндістанға сапармен барады


Солдан оңға: Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх пен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай. Кабул, 12 мамыр 2011 ж.
Солдан оңға: Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх пен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай. Кабул, 12 мамыр 2011 ж.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бүгін Үндістанға сапармен барады.

Ол Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхпен кездесіп, екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуды көздейтін келісімдерге қол қояды деп жоспарланған.

Хамид Қарзай бұл сапарын Ауғанстан мен Пәкістан арасына ши жүгірген тұста жасағалы отыр. Пәкістан – халықаралық сахнада Үндістанның бәсекелесі екендігі мәлім.

Үндістан сияқты енді Ауғанстан билігі де Исламабадты көрші елге шабуыл жасайтын экстремистік күштерге көз жұма қарайды деп кінәлап отыр.
XS
SM
MD
LG