Accessibility links

Қырғызстан ІІМ: «1315 адам экстремистік және террористік ұйымдарға мүше»


Қырғызстандық тергеушілер Арашан ауылында қарулы бүлікшілердің көзі жойылған үйдің алдында тұр. 5 қаңтар 2011 ж.
Қырғызстандық тергеушілер Арашан ауылында қарулы бүлікшілердің көзі жойылған үйдің алдында тұр. 5 қаңтар 2011 ж.
Қырғызстанда 1315 адам экстремистік және террористік ұйымдарға мүше ретінде тіркеуде тұр. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметіне Қырғызстан ішкі істер министрлігінің экстремизммен күрес жөніндегі 10-шы бөлімінің жетекшісі Таалай Ақбаев хабарлаған.

Оның айтуынша, есепте тұрғандардың басым көпшілігі, яғни 1166 адам «Хизб ут-Тахрир» партиясына мүше деп саналады.

Экстремизм нышандары бар ұйымдар мен ағымдар біртіндеп террористік сипат алатынын атап өткен полиция шенеунігі елде «Ваххабий», «Акрамия», «Байат» ұйымдарын, салафиттер мен суффилерді қолдаушылар барын айтты.

Қазіргі уақытта Қырғызстан ішкі істер министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бірлесіп «Кварталдық полиция» жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – қоғамда экстремистік зорлық-зомбылыққа және радикализмнің өршуіне қарсы тұру болмақ.
XS
SM
MD
LG