Accessibility links

Беларусь көпшілік шаралар туралы заңды күшейтіп жатыр


"Үнсіз наразылық" акциясы кезінде. Минск, 21 қыркүйек 2011 жыл.
"Үнсіз наразылық" акциясы кезінде. Минск, 21 қыркүйек 2011 жыл.
Беларусь өкілдер палатасы «Жаппай шаралар туралы» заңды күшейтетін түзетулер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Жабық есік жағдайында талқыланып қабылданған заң жобасы сенатқа жолданды.

Әзірге оның толық нұсқасы жарияланған жоқ. Алайда, онымен танысқандардың айтуынша, жоба бойынша қолданыстағы заңға жаппай шара өткізудің жаңа тәртібі, оған қатысушылардың жауапкершілігін күшейту және құқық өкілдерінің құзырын кеңейту сияқты қосымша толықтырулар енгізіледі.

Биыл жазда елде биліктің саясатына қарсы шыққандарға тілектес азаматтардың "үнсіз наразылық" акциясы апта сайын өте бастаған соң Беларусь ішкі істер министрлігі «Жаппай шаралар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, онда "ұйымдасқан түрде жаппай әрекетсіздік танытуды" рұқсат етілмеген заңсыз іс-әрекет деп санауды ұсынған еді.

Бұл заң жобасы Беларусь қоғамында да, өзге елдер тарапынан да сынға ұшырады.
XS
SM
MD
LG