Accessibility links

Египет саясаткерлері президент сайлауын ертерек өткізуді талап етті


Араб елдері лигасының бұрынғы бас хатшысы Әмір Мұса.
Араб елдері лигасының бұрынғы бас хатшысы Әмір Мұса.
Египетте алда болатын президент сайлауына түспек ниеті бар алты саясаткер мемлекет басшысының сайлауын 2012 жылы сәуір айында өткізуді талап етіп үндеу жасады.

Сәрсенбі күні жарияланған үндеуге қол қойғандардың арасында Араб елдері лигасының бұрынғы бас хатшысы Әмір Мұса да бар.

Египетте президент сайлауының өтетін уақыты әзірге белгіленген жоқ. Бірақ елдегі билікті уақытша басқарып отырған Жоғары әскери кеңес алдымен парламент сайлауы өтіп, жаңа Конституция қабылданған соң ғана президент сайлауы тағайындалатындығын бұған дейін мәлімдеген еді.

Египетте парламент сайлауы алдағы қараша айының 28-іне белгіленген.

Бұл елде бірнеше аптаға ұласқан халық наразылығы ақпан айында президент Хосни Мүбәракты қызметінен кетуге мәжбүр еткен соң билікті уақытша қолына алған Жоғары әскери кеңес бұл міндетті ары кеткенде жарты жыл ғана атқаруға уәде еткен еді.
XS
SM
MD
LG