Accessibility links

Каддафи ливиялықтарды жаңа билікке қарсы күресуге шақырды


Муаммар Каддафи.
Муаммар Каддафи.
Ливияның биліктен тайдырылған бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи ел халқын жаңа билікке қарсы күресуге шақырды.

Бейсенбі күні жергілікті «Аррай» телеарнасының хабарында берілген аудио-мәлімдемесінде Муаммар Каддафи миллиондаған тұрғынды елдегі барлық қалаларда көшеге шығып, Ұлттық өтпелі кеңеске қарсылық білдіруге үндеген. Ол өтпелі кеңес мүшелерін "НАТО-ның қолшоқпары" деп атаған.

Әзірге Муаммар Каддафидің қайда екендігі белгісіз қалып отыр. Әйткенмен ол ел аумағында бой жасырып жүргені туралы болжамдар айтылады. Қазіргі кезде Муаммар Каддафиді жақтайтындар мен Ұлттық өтпелі кеңес күштері арасында Сирт және Бани-Валид қалалары үшін шайқа жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG