Accessibility links

Сирия әскері әл-Растан қаласында мешіттерге тосқауыл қойды


Жұма намазынан соң билікке қарсы шеруге шыққан жұрт. Кафранбель, Сирия, 30 қыркүйек 2011 ж.
Жұма намазынан соң билікке қарсы шеруге шыққан жұрт. Кафранбель, Сирия, 30 қыркүйек 2011 ж.
Сириядағы әл-Растан қаласында жұма намазынан шыққан жұрттың үкіметке қарсы наразылық акциясын бастап кетпеуінен қауіптенген әскери күштер, бүгін ондағы мешіттерге тосқауыл қойды. Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, мешіттерді жай киім киген қауіпсіздік қызметкерлері де қоршап тұрған.

Оппозиция белсенділері осыдан бір апта бұрын Стамбул қаласында құрылған оппозициялық коалиция - Сирия ұлттық кеңесіне қолдау акциясын өткізуге шақырған. Сириялық диссиденттердің басын біріктіруді мақсат ететін бұл кеңес жұмысына Сириядағы және шетелде қуғында жүрген сириялық саясаткерлер атсалысуға ниет танытып отыр.

Әл-Растанға осыдан бір апта бұрын енген үкімет әскері қазір қаланы толық бақылауына алған.

БҰҰ-ның соңғы деректері бойынша, Сирияда билікке қарсы жаппай наразылық басталғалы бері қаза болғандар саны 2900 адамнан асқан.
XS
SM
MD
LG