Accessibility links

Албанияның соңғы коммунистік басшысы қайтыс болды


Албания картасы.
Албания картасы.
Бүгін Албания астанасы Тиранада осы елдің соңғы коммунистік башысы болған Рамиз Әлия 85 жасында дүниеден өтті.

Әлия 1985 жылы Албания еңбек партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Оны бұл қызметке коммунистік Албанияны 44 жыл бойы үздіксіз басқарған Әнуар Халил Ходжа көзі тірісінде ұсынып кеткен еді.

Рамиз Әлия билік басында болған кезде албания қоғамында елдегі бірпартиялық жүйеге қарсы көңіл-күй күшейді, Албания демократиялық партиясы құрылды. 1991 жылы Албанияда алғаш рет демократиялық сайлаулар өтті. Сол кезде Албания президенті болып сайланған Рамиз Әлия бір жылдан кейін, 1992 жылы сәуірде қызметінен кетті.

1994 жылы Әлияға қызмет бабын теріс пайдаланған деген айып тағылып, ол сот үкімімен тоғыз жылға түрме жазасына кесілді.

Алайда 1997 жылы Албанияның жаңа президенті Сали Беришке қарсы бас көтерген халық түрмеде отырғандарды жаппай босатқан кезде, өзгелермен бірге ол да бостандыққа шықты. Содан бері ақтық демі біткенше Рамиз Әлия оқшау өмір кешкен.
XS
SM
MD
LG