Accessibility links

Шерушілер Германиядағы Сирия елшілігіне басып кірді


Сириялық шерушілер.
Сириялық шерушілер.
Германия полициясының хабарлауынша, өткен түнде Берлиндегі Сирия елшілігіне наразылық танытушы топ басып кіріп, Сирияда күрд оппозициясының жетекшісі өлтірілгеніне және сириялық күштердің жерлеу рәсімін өткізіп жатқан жұртқа шабуылдағанына қарсылық танытты.

Берлин полициясының хабарлауынша, 24 шеруші Сирия елшілігі ғимаратына кіріп алып,ондағы мүліктерді талқандай бастаған. Сирия елшісі полицияны көмекке шақырған.

Хабарларға қарағанда, наразы топ елшіліктен полицияға қарсылық танытпай өздері шығып кеткен.
XS
SM
MD
LG