Accessibility links

Қарағандыда Қазыбек биге ескерткіш қойылды


Қаздауысты Қазыбек бидің ескерткіші. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.
Қаздауысты Қазыбек бидің ескерткіші. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.
Қарағанды қаласының орталығында Қаздауысты Қазыбек би ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

Ескерткіштің ашылуында сөз алғандардың бірі - Қарағандының «Болашақ» университетінің ректоры, «Қаздауысты Қазыбек» энциклопедиясын құрастырушы топтың жетекшісі Нұрлан Дулатбеков ескерткіштің тәуелсіз ел тарихында, өңірдің мәдени дамуында алатын орны жайлы айтты.

Ал қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров: «Мені ерекше қуантқаны - ұлы бидің ескерткіші облыс әкімдігінің алдында тұрса да, бетін билікке бұрмай, халыққа қарап тұр екен. Бұл - үлгі алатын нышан» - деді.

Қаздауысты Қазыбектің қоладан құйылған ескерткішінің биіктігі - 6 метр, тұғырымен қоса есептегенде -14 метр.

Ескерткіштің авторы - қарағандылық мүсінші Мұрат Мансұров.
XS
SM
MD
LG