Accessibility links

"Геноцид жасады" деп айыпталған Младич емделіп жатыр


Ратко Младич соғыс қылмыстары жөніндегі халықаралық сотта отыр. Гаага, 6 қазан 2011 жыл.
Ратко Младич соғыс қылмыстары жөніндегі халықаралық сотта отыр. Гаага, 6 қазан 2011 жыл.
Соғыс қылмыстары жөніндегі халықаралық трибунал босниялық сербтердің бұрынғы әскери басшысы Ратко Младичтің емделіп жатқанын растап, бірақ оның дерті туралы мәлімет бермеді.

Сейсенбі күні таңертең Младичтің адвокаты бұрынғы әскери қолбасшының Нидерландыда ауруханаға түскенін хабарлаған болатын. 69 жастағы Младич пневмонияға, яғни өкпенің қабынуына шалдыққан болуы мүмкін делінеді.

Оған "геноцид жасады" деген айып тағылған. Өткен аптада Младич денсаулығының нашарлағанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG