Accessibility links

Ақ үй Ирақта әскер қалдыру жоспары әлі қаралып жатқанын айтты


АҚШ-тың президент әкімшілігі елдің Ирақта әскер қалдыру жоспарынан бас тартпағанын мәлімдеп, Ассошейтед пресс агенттігінің мәліметін жоққа шығарды.

Ақ үй мен АҚШ-тың Қорғаныс департаменті атын атамаған америкалық ресми өкілге сілтеме жасап таратқан ақпарат агенттігінің Ирақтағы АҚШ күштері жыл соңында шығарылған соң бұл елде әскерін қалдыру жоспарынан бас тартты деген ақпаратын теріске шығарып отыр.

Ақ үйдің өкілі хабарлағандай, Ирақта 31 желтоқсаннан кейін ирақтық күштерді жаттықтырушы ретінде америкалық жасақтарды қалдыру бойынша Ирақ үкіметімен келіссөздер әлі жүріп жатыр.

Бүгінде Ирақта АҚШ-тың 44 мың әскері бар. Ирақта соғыс басталған 2003 жылдан бері бұл елде 4,400 америкалық әскери мерт болды.
XS
SM
MD
LG