Accessibility links

Виктор Янукович: «Тимошенконың ісін сот әділ қарады»


Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 8 шілде 2011 ж.
Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 8 шілде 2011 ж.
Киев соты экс-премьер Юлия Тимошенконың ісін әділ қарап, тәуелсіз шешім қабылдады деп мәлімдеді Украина президенті Виктор Янукович дүйсенбі күні батыстың бірқатар ақпарат құралдарына берген сұқбатында.

Ол өз сөзінде Юлия Тимошенконы бостандыққа шығаруға қарсы екендігін білдірді.

"Біз қоғамға қандай белгі береміз? Сонда қылмыс жасау үшін оппозиционер болу керек деген бе?" - деген уәж айтты Виктор Янукович.

Сонымен бірге президент Янукович Украинаның Еуропа одағымен қарым-қатынасы туралы мәселені Тимошенконың ісімен байланыстыруға болмайды деп атап өткен.

Қазанның 11-і күні Киветің Печерский аудандық соты бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы «2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасаған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен 7 жылға соттады.

АҚШ пен Еуропа Одағы Тимошенкоға шығарылған сот үкімінің саяси астары бар деп сынады.
XS
SM
MD
LG