Accessibility links

Украина мен Ресей президенттері Донецкіде кездесті


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Украина президенті Виктор Янукович. 18 қазан 2011 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Украина президенті Виктор Янукович. 18 қазан 2011 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович пен Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Донецк қаласында кездесіп жатыр.

Украинада екі ел басшылары негізінен энергетика мәселесін талқыламақшы. Медведев Украинаға тасымалданатын газ бағасын арзандатуды ұсынбақшы, бірақ ол үшін екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая түсуі тиіс.

Бұдан бұрын Киев Ресейдің мұндай қысымына мойынсұнудан бас тартып, Еуропа Одағымен қарым-қатынастарының дамуын жөн көрген болатын. Алайда өткен аптада Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко "қызметін асыра пайдаланды" деген айып бойынша жеті жылға түрмеге жабылған соң Киев пен Брюссельдің қарым-қатынастары салқындады.
XS
SM
MD
LG