Accessibility links

Чилиде студенттер мен полиция арасында қақтығыстар жалғасты


Чили студенттерінің наразылығы тәртіпсіздіктерге ұласты. Сантьяго, 18 қазан 2011 ж.
Чили студенттерінің наразылығы тәртіпсіздіктерге ұласты. Сантьяго, 18 қазан 2011 ж.
Чили астанасы Сантьяго қаласында сейсенбіден бері жалғасып жатқан студенттер наразылығы полиция күштерімен қақтығысқа ұласты. Бетперде киген жүздеген жас азамат полицияға тас пен құмыра лақтырып, жанармай құятын стансаға шабуыл жасағаны туралы хабарланып отыр.

Полиция оларға қарсы сумен атқылайтын құралдар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.

Чили студенттері үкіметке білімге жұмсалатын қаржыны көбейту және білім сапасын жақсарту туралы талаптар қойды, бірақ үкімет оны орындаудан бас тартқан соң жастар жаппай наразылыққа шыққан еді.

Студенттер наразылығына ұстаздар мен кәсіподақтар да қолдау білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG