Accessibility links

Алматыда түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің саммиті өтіп жатыр

Солдан оңға: түркітілдес халықтар кеңесінің бас хатшысы Халил Ақынжы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева, Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ. Алматы, 21 қазан 2

Бүгін Алматыда түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммиті басталды. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева, Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ және түркітілдес халықтар кеңесінің бас хатшысы Халил Ақынжы қатысып отыр.

«Түркі кеңесі деп аталатын ортақ отауымыздың алғашқы жоғары деңгейдегі басқосуына жиналып отырмыз. Нахашиванда 2009 жылы іргесі қаланған Кеңестің толыққанды халықаралық құрылым ретінде қалыптасып кетуіне барлығымыз да мүдделіміз. Бұл үрдіске өзге түркітілдес елдер де, атап айтқанда өзбек пен түрікмен бауырларымыз да біраздан кейін қосылады деген үмітіміз бар», - деді саммитте сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы саммит қарсаңында оған қатысқан төрт елдің бизнес-қауымдастықтары түркі тілдес елдердің іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойған болатын.
XS
SM
MD
LG