Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жариялау туралы заң жобасы парламент мәжілісі жалпы отырысында қаралатын жоспарға енгізілді. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің ұсынысы бойынша палатаның қарауына «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жариялау туралы» заң жобасы енгізілді», - деп хабарлады парламенттің баспасөз қызметі.
Рақымшылық туралы заң қабылданған жағдайда оған елде сотталған 13 мыңнан астам адам ілігуі мүмкін екендігі айтылып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан түрмелерінде қамауға отырғандар саны 55 мыңнан асады. Қазақстанда өткен жиырма жылдың ішінде 7 рет рақымшылық жарияланған болатын.