Accessibility links

Гватемаланың бұрынғы басшысы геноцид айыбымен сотқа тартылмақ


Гватемалада 1960-1996 жылдары болған қарулы жанжал кезінде қаза болғандар жерленген Ла-Вербене бауырластар зираты. Гватемала-сити, 16 маусым 2010 ж.
Гватемалада 1960-1996 жылдары болған қарулы жанжал кезінде қаза болғандар жерленген Ла-Вербене бауырластар зираты. Гватемала-сити, 16 маусым 2010 ж.
Гватемаланың бұрынғы жетекшісі генерал Оскар Умберто Мехиа Виктореске геноцид қылмысы бойынша айып тағылып отыр. Прокуратура оған "1980-жылдары елде үндіс тұрғындарды атып өлтіруге бұйрық берген" деген айып таққан.

Генералдың адвокаттары оның жақында инсульт алғанын алға тартып, генерал Викторес денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмайды деп отыр. Алайда прокуратура бұнымен келіспейді.

Сот генерал Викторестің денсаулығы сот алдында геноцид қылмысы бойынша жауап беруге жарайтын-жарамайтындығын анықтау үшін оны дәрігерлік тексеруден өткізуге ұйғарым жасады.

Қазірде жасы 81-ге аяқ басқан генерал Оскар Умберто Мехиа Викторес Гватемаланы 1983 жылдың тамызынан 1986 жылғы қаңтарға дейін басқарды.
XS
SM
MD
LG