Accessibility links

Қытайда тағы бір монах өзін-өзі өртеді


Тибеттік діндар тақуалар. (Көрнекі сурет)
Тибеттік діндар тақуалар. (Көрнекі сурет)
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань аймағындағы ғибадатхана маңында бір монах өзін-өзі өртемек болғаны туралы Лондонда орналасқан "Азат Тибет" құқық қорғау ұйымы хабарлады. Алайда бұл оқиғаның жай-жапсары және әлгі адамның тірі қалғаны немесе көз жұмғаны белгісіз.

Бұл - Сычуань провинциясында биылғы наурыз айынан бері осымен өзін-өзі өртеген оныншы оқиға. Соның тоғызы Гандзи ғибадатханасының маңында тіркелген. Ондай қадамға барғандардың кемінде бесеуі көз жұмған.

Бұдан бір апта бұрын осы провинцияда 20 жастағы тақуа әйел Қытайдың Тибетте жүргізіп отырған саясатына наразылық ретінде өзін-өзі өртеп жібергені туралы "Азат Тибет" ұйымы хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG