Ақтау қаласында Stan.TV бейнепорталының тілшілеріне шабуыл жасалды. Бүгін таңертеңгі сағат 11-лер шамасында бейнепорталдың тілшісі Өркен Бисенов мен оператор Асан Амиловты белгісіз біреулер соққыға жығып, резеңке оқпен атқан.
Stan.TV бейнепорталы бас редакторының орынбасары Жұлдыз Төлеуованың айтуынша, бұл - журналистердің кәсіби қызметтеріне байланысты жасалған қастандық.
Жұлдыз Төлеуова "шабуылдаушылар журналистердің барлық мәліметті сақтап отырған ноутбуктерін алып кеткенін" айтты.
Осыған дейін бұл бейнепорталдың журналистері өздерін біреулер қорқытып, қоқан-лоққы жасап жүргенін айтып, баспасөз мәслихатын өткізген болатын.