Accessibility links

Саркози: Грекияның еуро аумаққа кіруі қателік болды


Франция президенті Николя Саркози. Брюссель, 27 қазан 2011 жыл.
Франция президенті Николя Саркози. Брюссель, 27 қазан 2011 жыл.
Франция президенті Николя Саркози 2001 жылы Грекияның еуро аумаққа кіруі қателік болды деп мәлімдеді.

Телеарнаға берген сұхбатында Саркози Грекия еуро аумаққа жалған экономикалық көрсеткіштермен қабылданған, бұл мемлекет еуро аумаққа кіруге дайын емес еді деп атап көрсетті. Саркозидің мәлімдеуінше, енді Грекияны Еуропа Одағының еуро қарызы дағдарысына қатысты жасаған келісімі құтқаратын болады.

Сәрсенбі күні Брюссельде жарияланған жоспарға сәйкес, Грекияның қарызы 50 пайызға кемітіледі. Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан Грекияға несие түрінде берілген қаржылай көмектің жалпы көлемі 100 миллиард еуродан асады. Сондай-ақ, тағы 100 миллиард еуродан астам қаржы банктерді қайта капиталдандыруға бөлінбек.
XS
SM
MD
LG