Accessibility links

Мәскеу ДСҰ-ны кіру үшін көп өзгеріс қажет емес деді


Кремльдің экономикалық кеңесшісі Аркадий Дворкович. 31 қазан. 2011
Кремльдің экономикалық кеңесшісі Аркадий Дворкович. 31 қазан. 2011
Ресей өзін көптен күткен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуына жеткізеді деген үмітпен Грузиямен ұсынылған келісімді оң қабылдады.
Тбилиси Мәскеудің ДСҰ-на мүшелігіне қарсылық танытып келе жатқан жалғыз ел болатын.

Кремльдің экономикалық кеңесшісі Аркадий Дворкович бүгін журналистерге айтқанында, Мәскеуге үлкен өзгерістер жасаудың қажеті жоқ, оның орнына Швейцария арағайындығымен жасалған келісімді мақұлдау керек деді.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеу маңында Швейцария сыртқы істер министрі Мишлин Калмь Реймен кездесуінде, Ресейдің ДСҰ-на мүшелікке өтуін оңайлатып, қажетті келісімдерге қол жеткізіп жатқаны үшін Швейцарияға алғысын білдірді.

Бүгін кешкісін Кальми Рей Батуми қаласында Грузия президенті Михаил Саакашвилимен де кездесіп, Мәскеудің ұйымға мүшелігін туралы талқылайды.

Швейцарияның арағайындығымен ұсынылған келісімде, тараптар Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтары арқылы өтетін тауар айналымына бақылау орнатуға келісті.
XS
SM
MD
LG