Accessibility links

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 13 маусым 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 13 маусым 2011 жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.

"Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады", - деген президент өзінің құттықтауында.

Сонымен қатар Назарбаев осы жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық жасап отыруын ерекше атап өтті.

Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра - мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Бұл жолы Құрбан айт мерекесі жексенбіде, яғни қарашаның алтысында басталады.
XS
SM
MD
LG