Accessibility links

ШЫҰ мемлекеттерінің премьер-министрлері Санкт-Петербургке жиналады


Астана саммитіне қатысушы ШЫҰ мүше мемлекеттері басшылары. 15 маусым, 2011 жыл.
Астана саммитіне қатысушы ШЫҰ мүше мемлекеттері басшылары. 15 маусым, 2011 жыл.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің премьер-министрлері бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында кездеседі. Кездесу барысында Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қытай премьері Вэнь Цзябаомен және Пәкістан премьері Юсуф Раза Гиланимен екіжақты кездесулер өткізеді.

Бұдан он жыл бұрын Қытайдың Шанхай қаласында негізі қаланған ұйымның құрамында Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері бар. Ұйым осы елдер аумағындағы қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін құрылған.

Қазір Моңғолия, Үндістан, Иран және Пәкістан ұйымға бақылаушы мемлекеттер ретінде қатысады әрі толық мүше болуды қарастырып жатыр. Сондай-ақ Ауғанстан, Түркіменстан, Беларусь және Шри-Ланка елдері де ұйыммен байланысып отырады.
XS
SM
MD
LG