Accessibility links

Грекияда жаңа үкімет жасақталады


Грекия премьер-министрі Георгий Папандреу және қаржы министрі Евангелос Венизелос Грекия парламентінде. Афины, 3 қараша, 2011 жыл.
Грекия премьер-министрі Георгий Папандреу және қаржы министрі Евангелос Венизелос Грекия парламентінде. Афины, 3 қараша, 2011 жыл.
Бүгін Грекия премьер-министрі Георгий Папандреу мен оппозиция жетекшісі Антониос Самарас ендігі премьер-министрдің кім болатынын, министрлер кабинетін кім жасақтайтынын талқылайды.

Жексенбі күні жасалған мәміле бойынша, премьер-министр Георгиос Папандреу қызметінен кетуге келісіп, жаңа үкімет жасақталатын болған. Оның міндеті - халықаралық 130 миллиард еуро көмекті алып, Грекияның еуроодақ кеңістігінде қалуын қамтамасыз ету.

Үкіметтің баспасөз қызметі Грекия парламенті жаңа үкіметке бір аптаның ішінде өз сенімін білдіреді деді. Ал қаржы министрінің айтуынша, елдегі басты саяси күштер жаңа үкімет көмек қаржыны алуды мақұлдағаннан кейін, келесі жылғы ақпанның 19-ында сайлау өткізуге келіскен.

Еуроодақ Грекияға қаржы дағдарысынан құтқару үшін 130 миллиард еуро көмек беруге және бұрынғы қарыздарының 50 пайызын қысқартуға келіскен, оның ақысына Грекия билігінен елде қатаң экономикалық шаралар жүргізу талап етілген. Бұған Грекия халқының көпшілігі қарсы болып отыр.
XS
SM
MD
LG