Accessibility links

Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын құбыр ашылады


"Газпром" компаниясы Ресей мен Қазақстан шекарасында құбыр салып жатыр. 13 қыркүйек, 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
"Газпром" компаниясы Ресей мен Қазақстан шекарасында құбыр салып жатыр. 13 қыркүйек, 2007 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Ресей мен Германия басшылары Германияның Лубмин қаласында Балтық теңізі түбінен жүргізілген газ құбырының ашылу салтанатына қатысады.

Ұзындығы 1224 шақырым болатын газ құбыры Ресей газын Батыс Еуропаға тасымалдауға арналған. 2012 жылдың аяғына қарай іске қосылатын құбыр Еуропаға кемінде 25 жыл бойы (жылына 55 миллиард текше метрден) газ тасымалдап тұрады.

Ашылу салтанатына Дмитрий Медведев пен Ангела Меркельден өзге Франция пен Нидерланд премьерлері Франсуа Фйион мен Марк Рютте, Еуропалық Одақтың энергетикалық мәселелер бойынша комиссары Гюнтер Эттингер де қатысады.
XS
SM
MD
LG