Accessibility links

Кувейтте наразы топ парламент ғимаратына басып кірді


Кувейт премьер-министрі шейх Насыр әл-Мұхаммед әл-Сабах. 12 қаңтар, 2011 жыл.
Кувейт премьер-министрі шейх Насыр әл-Мұхаммед әл-Сабах. 12 қаңтар, 2011 жыл.
Кувейтте премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп жатқан шерушілердің біразы қарашаның 16-сы күні кешке қарай парламент ғимаратына басып кірді.

Шерушілер парламент ғимаратының үлкен залына кіріп, ұлттық әнұранды айтып шыққан. Куәлардің айтуынша, полиция шерушілерді ғимаратқа кіргізбеу үшін таяқ қолданған.

Мемлекеттің негізгі мәселелерін билеуші әл-Сабах әулеті шешіп отырады. Алайда Кувейт парламентінің ықпалы Парсы шығанағындағы өзге елдерден әлдеқайда жоғары.

АҚШ-тың стратегиялық одақтасы Кувейтте реформалар жүргізуді талап еткен жаппай наразылық шаралары болған жоқ. Бірақ соңғы айларда елдегі коррупцияның тым жоғары болуына байланысты наразы көңіл-күй күшейе түсті.

Бірқатар оппозициялық депутаттар премьер-министр, билеуші әулеттің ықпалды адамы, шейх Насыр әл-Мұхаммед әл-Сабахты коррупциялық іске қатысы бар деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG