Accessibility links

Ресей: АҚШ 2009 жылы есірткімен күресте қателікке ұрынды


Кабулдегі есірткі қоймасы. Ауғанстан. 24 қазан, 2011 жыл.
Кабулдегі есірткі қоймасы. Ауғанстан. 24 қазан, 2011 жыл.
Ресейдің федералдық есірткіні бақылау қызметінің директор Виктор Иванов АҚШ-тың Ауғанстандағы есірткі алқаптарын жою жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты.

Чикагода америкалық әріптестерімен кездесуде ол кейбір конгресс мүшелерінің "АҚШ-тың осы саладағы қызметі мардымсыз" деген пікірлерімен келісетінін айтты.

Виктор Ивановтың пікірінше, АҚШ 2009 жылы есірткімен күресте қателікке ұрынды. "АҚШ Ауғанстандағы есірткі өндіретін цехтар және есірткі барондарымен күресудің орнына оны егетін алқаптарды құртуы керек еді" дейді ол.

Әлемде апиын өсіру жағынан Ауғанстан алда тұр. Елде өндірілетін есірткінің төрттен бірі постсоветтік елдер арқылы Ресейге өтеді. Ресейде есірткі тұтынатын 3 миллион адам бар.
XS
SM
MD
LG