Ливияда ондаған жылдар бойы тыйым салынып келген "Мұсылман бауырлар" ұйымы бірінші халықтық жиынын өткізіп жатыр.
Бенгази қаласындағы жиын Ливияда Муаммар Каддафи билігіне қарсы толқулардың басталғанына тоғыз ай толған кезде өтті. Қатысушылар "жиын Ливия демократияға бет бұрып жатқан кезде ұйымның қандай бағыт ұстайтынын анықтау үшін өткізіліп отыр" дейді.
Египеттік "Мұсылман бауырлар" ұйымының бір тармағы - Ливиядағы ұйымның жетекшісі Сулейман Абделкадер ұйымның "қалыпты, орта бағытты ұстайтынын" айтты. Ал көптеген сарапшылар Ливиядағы келесі сайлауларда діни топтар саяси партиялармен бәсекеге түседі деп болжап отыр.
Муаммар Каддафидің билігі тұсында ұйым қуғынға ұшырап кетуден қауіптеніп, кездесулерін жасырын я шет елде өткізіп жүрген.
Жиын бірнеше күнге созылады.