Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, бірқатар Араб елдеріндегі басшыларды биліктен құлатқан халық толқуына әлеуметтік шиеленіс басты себеп болған. Бұл туралы Назарбаев ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұқбатында айтты.
Осы жылдың басынан бері Тунис, Египет және Ливия елдеріндегі режимдер құлады. Сонымен қатар халық толқулары тағы бірнеше елде, оның ішінде Сирияда жалғасып жатыр.
"Біз Солтүстік Африка, АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа елдерінде үкіметке қарсы шерулерді бақылап отырмыз. Бұл әділеттік мәселесін шешу проблемаларымен байланысты", - деді Назарбаев "РИА Новости" және "Интерфакс" агенттігіне берген сұқбатында.