Accessibility links

Түркіменстан президенті Қытайға ресми сапармен барды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бүгін ресми сапармен Қытайға келді. "Сапар барысында екі ел президенттері газ құбырына қатысты келісімдерге қол қояды" деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Келісім-шартқа қол қойылса, Түркіменстанның Қытайға бір жылда экспорттайтын 25 миллиард текше метр газы 65 миллиардқа дейін артпақ. Бұл Қытайдың 2010 жылы тұтынған газының жартысынан астамын құрайды.

Ертең Гурбангулы Бердімұхамедов түркімен газын Қытайға тасымалдайтын, ұзындығы 8700 шақырымға жететін, құны 22 миллиард АҚШ долларына тең газ құбырының ашылуына қатыспақ.

Қытай жағы Түркіменстанға мұнай және газ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға берілетін несиенің көлемін арттыруы мүмкін.
XS
SM
MD
LG