Accessibility links

Ішкі істер министрлігі: Тараздық жанкештіге қару сатқан адам анықталды


Тараздағы жарылыстан қаза тапқан адамның денесі. 12 қараша, 2011 жыл.
Тараздағы жарылыстан қаза тапқан адамның денесі. 12 қараша, 2011 жыл.
Таразда жарылыс жасаған жанкештіге граната сатқан адам анықталды деп хабарлады бүгін ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

"Қазіргі уақытта оның тұрғылықты жерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр" деген ол тергеу мақсатында басқа ақпаратты бере алмайтынын айтты.

Таразда қарашаның 12-сі күні М.Қариев есімді азаматтың қарулы шабуылынан ҰҚК-нің екі қызметкері, үш полицейді қосқанда барлығы жеті адам қаза тапқан еді. Жарылысты "Халифат сарбаздары" исламшыл тобы мойнына алған болатын.
XS
SM
MD
LG