Қарағанды облысының прокуратурасы Долинка түрмесінде қайтыс болған тұтқын Шамиль Ярославлевтің өлімі бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің айтуынша, түрме қызметкерлері қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған деген күдік бар. Ярославлевтің өліміне қатысты АК-159/7 түзеу мекемесінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды және арнайы жедел тергеу тобы құрылды.
Сот-медициналық сараптамасы 17 қарашада Шамиль Ярославлевтің өліміне байланысты "түрме қызметкерлерінің өз қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланып, тұтқынның жүрегіне зақым келтіргендіктен көз жұмды" деген қорытынды шығарды.
Тұтқын Шамиль Ярославлевтің денесі қараша айының басында түрменің айып абақтысынан табылған. Бұған дейін сот-медициналық сараптамасы оны "жүрек ауруынан көз жұмды" деген қорытынды шығарған еді.