Accessibility links

Павлюк өліміне қатысты сотталушы аштық жариялауын уақытша тоқтатты


Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты сотталған қырғыз азаматы Алдаяр Исманқұлов. Алматы, 11 қазан 2011 жыл.
Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты сотталған қырғыз азаматы Алдаяр Исманқұлов. Алматы, 11 қазан 2011 жыл.
"Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты сотталған қырғыз азаматы Алдаяр Исманқұлов аштық жариялауын тоқтатты" деп хабарлайды оның қорғаушысы Светлана Мурзина.

8 қарашада Алматыдағы ҰҚК тергеу абақтысында аштық жариялаған Алдаяр Исманқұлов сот отырысының хаттамасы шыға бастағанына орай аштық жариялауын 25 қарашада уақытша тоқтатқан. Қазір Исманқұловтың денсаулығы әлсіреп, басы айналатын болған.

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысы бар деген айыппен 17 жылға сотталған Алдаяр Исманқұловтың өзін кінәсіз санайтынын, сот ісі әділетсіз өтті деп 8 қарашада аштық жариялау туралы хат жазғанын Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG