Accessibility links

«Америка - албастылар мекені» деп ойласаңыз...


Антиамерикалық шеру кезінде АҚШ туын өртеп жатқан пәкістандықтар. Мултан, 9 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Антиамерикалық шеру кезінде АҚШ туын өртеп жатқан пәкістандықтар. Мултан, 9 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Америка десе, көз алдыңызға семіз, бір қолында бургері бар, машинасының артқы орындығына итін отырғызған ұсқынсыз адамның келбеті келе қалса, бұл медианың санаңызға орнатқан кескіні деп ұғыңыз.

Шындығында Америкада денсаулық сақтау жүйесі ақылы болғандықтан олар денсаулықтарына өте қатты мән береді. Кейбір штаттарда өз салмағын көтере алмай жүргендер бар екені рас. Дегенмен Америка «албастылар мекен ететін ел» деген ойдан аулақ болған жөн.

Америкада да біз секілді екі аяқты адамдар бар. Олар да біз сияқты жылайды, күледі, жақсы көреді, ашуланады. Оларды да Аллаһ тағала біз тәрізді жаратқан. Сондықтан «дамыған елден үркіп, дамушы елдердің жасап отырған әртүрлі стереотиптеріне алдана бермеңдер» дегім келеді. Америка сөзсіз – қуатты ел. Сондықтан өзінің ішкі мәселелерін ашық талқылай береді. Кейбір елдер тәрізді іштен жасыруға тырыспайды.

Америкада да Қазақстандағыдай адамдар кездеседі. Қазақстандағыдай дегенімде, Абай атамның «толық адам» мен «жартылай адамын» меңзеп отырмын.

Сөзсіз бұл жақта адамдардың қарым-қатынасы басқа. Себебі қоғамның алға қойып отырған құндылықтары өзге. Бірақ бұл адамдар сезім мен махаббаттан, мейірім мен қайырымнан, ашу мен ызадан ада деген сөз емес.

Видеоны көргеннен кейінгі ойларыңды білу қызық болып отыр.



(Жазба Өрімталдың блогынан алынды).
XS
SM
MD
LG